АҚШ тұрғыны Facebook-те жариялаған суреті үшін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Фотография - АҚШ тұрғыны Facebook-те жариялаған суреті үшін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы 23 жасар АҚШ тұрғыны Интернетке жариялаған суреті үшін темір тор артына жабылуы мүмкін

151 0

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы 23 жасар АҚШ тұрғыны Интернетке жариялаған суреті үшін темір тор артына жабылуы мүмкін. Бұл туралы "Вести.Ru" хабарлап отыр. 

Висконсин штаты Милуоки округінің тұрғыны Кристофер Робинсон әлеуметтік желіде қолына қомақты ақша ұстап түскен суретін жариялаған болатын. Суретті көрген полиция қызметкерлері оны үш жасар ұлына алимент төлеуден бас тартқаны үшін айыптады. Бұған дейін кедейлігін алдына тартқан Робинсон ұлының анасына қаржылай көмек көрсетпеген болатын. Негізі ол ай сайын бұрынғы отбасына небары 150 доллар төлеуі қажет еді.

Нәтижесінде бақыттан жүзі бал-бұл жайнап, қолына доллар ұстаған Робинсонның суреті құқық қорғау органдарының наразылығын тудырып, үстінен қылмыстық іс қозғауға түрткі болды.


«Facebook –тағы ақпараттарды алу мүмкін емес болып барады. Жеке парақшаларды тексеру тиісті арыз берген соң ғана жүзеге асырылады. Ендігі ретте суреттегі ақшаның кімге тиесілі екенін анықтау керек. Робинсон 11 жыл бас бостандығынан айырылу жазасына тартылуы мүмкін»,-деді Милуоки полиция басқармасының қызметкері Кент Ловерн.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!