Грузия Президенті Қазақстандағы жаңа елшінің кандидатурасын парламентке ұсынды

Фотография - Грузия Президенті Қазақстандағы жаңа елшінің кандидатурасын парламентке ұсынды

Грузия Президенті Михаил Саакашвили парламентке Грузияның Қазақстандағы елшісі лауазымына бекіту үшін бұған дейін Түркиядағы елші қызметін атқарған Зураб Патаридзенің кандидатурасын ұсынды

117 0

Грузия Президенті Михаил Саакашвили парламентке Грузияның Қазақстандағы елшісі лауазымына бекіту үшін бұған дейін Түркиядағы елші қызметін атқарған Зураб Патаридзенің кандидатурасын ұсынды.

Бұл туралы Грузия басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Михаил Саакашвили сондай-ақ Литвадағы елші қызметіне үміткер - Хатуна Салуквадзе, Әзірбайжанда - Теймураз Шарашенидзе, Түркияда - Ираклий Коплатадзе, Еуропа Кеңесіндегі Грузияның тұрақты өкілдігіне - Константин Коркелияны ұсынды.

Ұсынылған үміткерлерді парламент комитеттерде қарастырып, пленарлық отырыста бекітеді.

Осыдан соң Грузия президенті бекітілген елшілерді тағайындау жөнінде жарлыққа қол қою қажет. Өздері жіберілген елдердің басшыларына сенім грамоталарын табыстаған соң елшілер ресми түрде қызметіне кіріседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!