Бір миллионнан астам париждық бір жыныстылардың некесіне қарсы шеруге шықты

Фотография - Бір миллионнан астам париждық бір жыныстылардың некесіне қарсы шеруге шықты

Франция астанасында 1 млн. 400 мыңға жуық адам бір жыныстылардың некесін заңдастыруға қарсы наразылық шарасын өткізді

149 0

Франция астанасында 1 млн. 400 мыңға жуық адам бір жыныстылардың некесін заңдастыруға қарсы наразылық шарасын өткізді.

Бұл жайында ИТАР-ТАСС хабар таратты. Елдің наразылығын тудырған заң жобасы олардың неке қиюына ғана рұқсат беріп қоймай, бала асырап алуына да мүмкіндік береді.

muslim.kz сайтының жазуынша, шеруге шыққандар ел президенті Франсуа Олландтан қоғамды іштен ірітетін заң жобасына тыйым салуды талап етті. Наразылық шарасына оппозицияның және қоғамдық ұйымдардың көрнекті өкілдері де қатысты. Олар дәстүрлі отбасын жақтап, өз пікірлерін білдірді. Белсенділер бұл мәселені референдум арқылы шешуді алға тартып отыр.

Францияда бір жыныстылардың некесіне қарсы мұндай наразылық шарасы бірінші рет өтіп отырған жоқ. Осының алдында, 13 қаңтар күні Эйфел мұнарасының түбінде өткен аталмыш заң жобасына қатысты наразылық акциясына 1 миллионға жуық адам қатысқан болатын.

Жұрттың бір емес, бірнеше рет шеруге шыққанына, наразылық танытқанына қарамастан ел билігі ойлағанын іске асырмай тынбайтын секілді. Олай дейтініміз, Францияның Әділет министрі Кристиан Тобира аталмыш заң жобасының жаз мезгілінде күшіне енетінін мәлімдеді.

12 ақпан күні бұл заң жобасын Ұлттық жиналыстың төменгі палатасы көпшілік дауыспен мақұлдаған еді. Ендігі кезек - сенатта.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!