Араб елінде Skype-ке тыйым салынуы мүмкін

Фотография - Араб елінде Skype-ке тыйым салынуы мүмкін

Сауд Арабиясы елдің телекоммуникациялық компаниясына Skype, Whatsapp, Viber, Line секілді мәлімет берудің шифрланған арналарын пайдаланатын қосымшаларға тыйым салатынын айтып, ескерту жасады

182 0

Сауд Арабиясы елдің телекоммуникациялық компаниясына Skype, Whatsapp, Viber, Line секілді мәлімет берудің шифрланған арналарын пайдаланатын қосымшаларға тыйым салатынын айтып, ескерту жасады.

Егер аз уақыттың ішінде жоғарыда аталған электронды сервис түрлеріне бақылау орнатпаса, билік осындай шешім қабылдауы мүмкін. Бұл жайында Ahrarpress хабар таратты.

Сауд Арабиясының байланыс және ақпарат технологиясы департаменті жергілікті компанияның алдына әлгіндей платформаларды пайдаланудың қауіпсіз жолын табу, бақылау орнату міндеттерін қойды. Аталмыш компания биліктің бұл талабын осы аптаның соңына дейін орындап үлгеруі керек. Ал айтылған уақытта талап орындалмайтын болса, билік тарапы аталған сервис түрлеріне тыйым салады


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!