Әзербайжанда оппозиция белсендісі тұтқындалды

Фотография - Әзербайжанда оппозиция белсендісі тұтқындалды

Әзербайжанның Сумгайт қаласында полиция оппозиция белсендісі, Халықтық майдан партиясының мүшесі Даскин Маликовты тұтқындады.

165 0

Әзербайжанның Сумгайт қаласында полиция оппозиция белсендісі, Халықтық майдан партиясының мүшесі Даскин Маликовты тұтқындады.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, Сумгайт (Бакуден 30 шақырым жерде) полициясының өкілі белсендіге заңсыз есірткі сақтады деген айып тағылғанын айтқан.

Белсендінің әкесі Алисафа Маликов ұлының демікпемен ауыратынын және ешқашан есірткі пайдаланбағанын айтады. Ол ұлы соңғы кездері билікке қарсы жастар ұйымдары ұйымдастырған  наразылықтарға қатысып жүргендіктен, оған тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды.


Тегтер:

Әзербайжан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!