Кипр банктері қызметкерлерінің наразылығы жалғасуда

Фотография - Кипр банктері қызметкерлерінің наразылығы жалғасуда

Себебі бұндай өзгерістердің артынан әдетте жұмысшылар да қысқарады

124 0

Кипр банктерінің қызметкерлері ел экономикасын дефолттан құтқару үшін банктерді қайта құрылымдауға қатысты жасалған жоспарға алаңдаулы.

Себебі бұндай өзгерістердің артынан әдетте жұмысшылар да қысқарады. Елдегі қаржы мекемелерінің қызметкерлері Кипрдің Орталық банкі ғимаратының маңына жиналып, оның басшысы Паникос Деметриадестен отставкаға кетуді талап етті. Қазір елде банктер демалысы жалғасуда. Айта кетейік, Кипр билігі Еуроодақтан қаржылай көмек алу үшін елдегі банктерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған еді. Жоспарға сай салымшылардың депозиттеріне де салық салынбақ. Сарапшылар бұл қадамның тиімсіз екендігін алға тартып отыр. Олардың айтуынша, бұл шешім басқа да еуропалық банктерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Мамандар кипрлықтарды алда жаппай қысқарту мен жұмыссыздық күтіп тұрғанын айтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!