Италия Сыртқы істер министрі қызметінен кетпек

Фотография - Италия Сыртқы істер министрі қызметінен кетпек

Италияның Сыртқы істер министрі Джулио Терци отставкаға кететінін жариялады.

123 0

Италияның Сыртқы істер министрі Джулио Терци отставкаға кететінін жариялады.

Басшы Үндістанмен болған соңғы шиеленісті көтере алмаған көрінеді. Шиеленіске Италия теңіз әскерінің қолынан қаза болған үнді балықшыларының өлімі себеп. Терци айыпталған 2 әскериді Үндістанға қайта қайтару туралы шешімге наразы. Италияның әскери теңіз флотының офицерлері «былтыр Үндістанның оңтүстік жағалауларында екі балықшыны  атып өлтірген» деп айыпталып отыр. Айыпталушылар оларды теңіз қарақшыларымен шатастырған көрінеді. Бұл оқиғаға қатысты Үндістанда қылмыстық іс қозғалып, Италия азаматтары бірнеше ай бойы қамауда болған еді. Кейіннен Үндістан Италия билігінің оларды қайта сот алдында жауап береді деген кепілдігі бойынша, тұтқындағыларға уақытша елге қайтуына рұқсат берген болатын. Ал жақында Италияның сыртқы істер министрлігі айыпталушыларды Үндістанға қайтпайтынын айтты. Осы орайда дипломатиялық жанжал туындап, Италия билігі өз шешімін өзгерткен болатын.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!