Сәтсіздік соңы үлкен жеңіске ұласты

Фотография - Сәтсіздік соңы үлкен жеңіске ұласты

Доминикан Республикасынан көшіп келген эмигрант лотореяның джекпотын жеңіп, 338 миллион долларға ие болды.

199 0

АҚШ-та бес баланың әкесі, Доминикан Республикасынан көшіп келген эмигрант лотореяның джекпотын жеңіп, 338 миллион долларға ие болды.

Жеңімпаздың аты-жөні – Педро Кесада. Оның кедейшіліктің кесірінен көрмеген қиындығы жоқ. Соңғы бірнеше жыл бойы Педроның ізіне түскен сәтсіздіктер де үлкен жеңіспен аяқталған сыңайлы.

Сәтсіздіктер деп отырғанымыз, Кесаданың үйіне осыдан біраз уақыт бұрын ұрылар түскен екен. Қылмыскерлер үйдегі бар дүние-мүлікті айтпағанда, отбасы мүшелерінің киімдеріне дейін «тазалап» кеткен. Ал, араға қысқа уақыт салып Кесаданың дүкені түгелімен өртеніп кетіпті.

Бес баласын асырау үшін ол тәулігіне 18 сағаттан жұмыс істеуге мәжбүр болған. Енді, миллионер атанғаннан кейін бар қиындығын ұмытып отыр. «Қанша байысам да сүйікті жұмысымды тастамаймын» дейді Педро. Бүгінде ол өз ұтысын қандай жолмен алып кетуді жоспарлауда. Қомақты қаржыны түгел алған жағдайда төлейтін салығының көлемі де артпақ. Ал, бөлшектеп алса – керісінше. Бірақ, қалай болғанда да жеңімпаздың қолына тиетін қаражат 150 миллион доллардан асады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!