Мәскеуде халал индустриясының мамандары мен шариғат білгірлерінің бизнес-форумы өтеді

Фотография - Мәскеуде халал индустриясының мамандары мен шариғат білгірлерінің бизнес-форумы өтеді

Маусым айында Мәскеуде халал бизнес форумы өтеді.

263 0

Маусым айында Мәскеуде халал бизнес форумы өтеді.

13-14 маусым күндері Ресей Федерациясының астанасында өтетін бұл шараға шариғат білгірлері, халал индустриясының мамандары, қаржы саласының сарапшылары, ғылыми орта мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысады. Бұл арада сөз халықаралық Moscow Halal Expo көрмесінің аясында жыл сайын ұйымдастырылатын Moscow Halal Business Forum-ы жайында болып отыр.

Аталмыш бизнес форумның мақсаты - экономикадағы әдеп принциптерін дамыту, халал өнімдерін өткізетін нарықты ұлғайту, халал сертификаттау мен ислами қаржы саласында шетелдермен тәжірибе алмасу, сондай-ақ Ресей мен ислам елдері арасындағы іскерлік қарым-қатынасты нығайту.

Мәскеу Халал бизнес-форумы екі кезең бойынша өтеді - Moscow Halal Congress 2013 «Халал» атты IV халықаралық Мәскеу конгресі және Islamic Finance and Investment Forum ислами инвестиция мен қаржының IV-ші форумы.

«Халал» конгресінде «Халал» стандартын бірегейлендіру, ресейлік халал өнімдердің импорты мен экспортын ұлғайту, еуразиялық кеңістікте халал индустриясын дамыту мәселелері қозғалады.

Ал қаржы және инвестиция форумы осы шараға қатысқандардың ислами қаржы сауатын ашып, білімін жетілдіреді. Сонымен қатар, сарапшылар ислам бизнесіндегі тәжірибесімен бөліседі және ислам нарығына тән өзекті де көкейтесті мәселелер мен ислам қаржысының даму келешегін талқылайды.

Moscow Halal Business Forum Бүкілресейлік көрме орталығының 75-ші павильонының мәжіліс залында өтеді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!