Тайваньда күшті жер сілкінісі болды

Фотография - Тайваньда күшті жер сілкінісі болды

Тайваньның орталық бөлігінде 6 балдық жер сілкінісі болды.

335 0

Тайваньның орталық бөлігінде 6 балдық жер сілкінісі болды.

Қазір 1 адамның мерт болғаны, тағы 20 тұрғынның жарақат алғаны белгілі. Зілзаланың күші күллі арал аумағында сезілді. Куәгерлердің айтуынша, ел астанасы Тайбэйде зәулім үйлер мен көптеген ғимараттар теңселген. Ең күшті соққы жер сілкінісінің кіндігіне жақын орналасқан Наньтоу уездінде болды. Бұл өңірде билік ғимараты мен мектеп зақымдалған. Кейбір тұрғын үйлерде өрт шыққан. Жалпы Тайвань сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Сол себепті мұнда жер сілкінісі жиі тіркеледі. Елде ең ірі табиғат апаты 1999 жылы болған еді. Ол кезде 7,5 балдық зілзаладан 2 300 адам қаза тапқан болатын.


Тегтер:

жер сілкінді

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!