Максим Бакиев сырттай 25 жылға сотталды

Фотография - Максим Бакиев сырттай 25 жылға сотталды

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев сыртынан 25 жылға сотталды.

125 0

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев сыртынан 25 жылға сотталды. Қырғызстан бас прокуратурасы өкілінің хабарлауынша, оған "жер телімдерін заңсыз сатып алды және электр энергиясы компаниясының акцияларын заңсыз иелену келісіміне делдал болды" деген айыптар тағылған.

2010 жылы сәуірдегі төңкерісте Құрманбек Бакиев биліктен кетірілген соң оның ұлы Лондонда тұтқындалған еді. Бірақ кейін ол кепілмен босатылған. Ал өткен жылдың қазанында Лондон полициясы оны АҚШ үкіметінің сұрауы бойынша қайта тұтқындайды.  Құрама Штаттарда ол "алаяқтық жасамақ болды және осы елде қозғалған қылмыстық іске кедергі келтірмек болды" деген күдікке ілінген. Бірақ ол жолы да ол кепілмен босап кетеді.

13 мамырда оны АҚШ-қа тапсыру мәселесі бойынша тыңдау басталуы керек. Қырғызстан Ұлыбританиямен де, АҚШ-пен де қылмыскерді экстрадициялау туралы келісім жасаспаған.


Тегтер:

Бакиев

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!