Сирия оппозициясы алғашқы "елшілігін" ашты

Фотография - Сирия оппозициясы алғашқы "елшілігін" ашты

Араб лигасы Сирия халқының атынан сөйлейтін бірден-бір заңды өкілі деп таныған Сирия ұлттық оппозициялық күштерінің коалициясы Катарда өзінің алғашқы "елшілігін" ашты.

116 0

Араб лигасы Сирия халқының атынан сөйлейтін бірден-бір заңды өкілі деп таныған Сирия ұлттық оппозициялық күштерінің коалициясы Катарда өзінің алғашқы "елшілігін" ашты. Дипломатиялық өкілдіктің ашылуына қатысқан Ұлттық оппозициялық коалицияның жетекшісі Муаз әл-Хатиб әлемдік державаларды көтерілісшілерге Башар Асад режимін құлатуға тиісті көмек бере алмай отыр деп сынады.

Муаз әл-Хатиб оппозициялық күштердің өз ішіндегі араздықтан өткен аптада отставкаға кетпек болған еді. Бірақ орнына басқа адам сайланғанша қызметін атқара тұратын болған. Ал сейсенбіде Дохада өткне Араб лигасының саммитіне оппозициялық коалиция Сирияның атынан қатысты.

Бірақ Ресей Араб лигасының оппозицияға ұйымнан орын бергенін айыптап, оны "Сирияға қарсы кезекті қадам" деп бағалады. Мәскеу лиганың әрекетін халықаралық заңдарға да қайшы деп бағалады.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!