31 жасар Ли Мэн есімді Қытай азаматы өмірінің 6 жылын интернет-кафеде өткізген

Фотография - 31 жасар Ли Мэн есімді Қытай азаматы өмірінің 6 жылын интернет-кафеде өткізген

31 жасар Ли Мэн есімді Қытай азаматы өмірінің 6 жылын интернет-кофеде өткізіп, онлайн-ойындарды үзбей ойнаған көрінеді.

151 0

31 жасар Ли Мэн есімді Қытай азаматы өмірінің 6 жылын интернет-кофеде өткізіп, онлайн-ойындарды үзбей ойнаған көрінеді. Бұл туралы Радио "Маяк" хабарлап отыр. 

Қытай БАҚ мәліметіне сүйенсек, ер адам айлық жалақысының үштен бір бөлігін компьютер алдында отырып, ойын ойнау мақсатында жұмсаған екен.

Түнде ойын қызығына батқан азамат күндіз сол жерде көз шырымын алатын болған. Ли Мэннің қай жерде және кім болып қызмет ететіні туралы ақпарат таратылмай отыр. Айта кету керек, бүгінде Қытай онлайн-ойындарға тәуелді ойынқұмарлардың саны бойынша алдыңғы шепте келеді.

Былтыр 23 жасар Цзян Тао есімді Қытай азаматының да екі ай бойы компьютерден бір елі ұзамай, онлайн-ойындарды үзбей ойнағаны туралы ақпар таратылған болатын.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!