Қос Корея қырғиқабақ соғыс қарсаңында тұр

Фотография - Қос Корея қырғиқабақ соғыс қарсаңында тұр

 Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне кеше арнайы хат жолдады.

375 0

 Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне кеше арнайы хат жолдады. Онда Корей жарты аралдары ядролық соғыс қарсаңында тұрғандығы ресми түрде баяндалған. Сонымен қатар, құжатта жағдайдың осылайша ушығуына Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың ядролық әскери дайындығы сеп болғандығы да атап өтілген.

КХДР БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Син Сон Хо бұл өтінішті Қауіпсіздік кеңесі арнайы ресми құжат ретінде қабылдайды деп үміттенетіндігін білдірді. Ал аталған ұйымның Ресейдегі өкілі әрі кеңес хатшысы Виталий Чуркинның айтуынша, БҰҰ бұл құжатты кеңінен өрістетуге қамданып жатқан көрінеді.

Айта кетейік, соңғы айда Оңтүстік пен Солтүстік Кореяның арасындағы жағдай күрт күрделеніп кетті. Наурыздың басында Пхеньян біржақты шабуыл жасамау туралы келісімді ұзартудан бас тартқан болатын. Өз кезегінде Сеул елдегі азаматтарын соғысқа дайындалуға шақырды. Ал американдықтар болса, Корей жарты аралдарындағы оңтүстік кореялықтармен бірлескен әуе және теңіз күштерімен оқу-жаттығу өткізетін әскери бөлімшелерін қорғауда, ештеңеден тайынбайтынғын мәлімдеуде.

 


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!