Дәрігерге 7 науқастың өліміне қатысты айып тағылды

Фотография - Дәрігерге 7 науқастың өліміне қатысты айып тағылды

Бразилияда дәрігер Вирджиния Соарес де Соузу 7 науқастың өліміне айыпты деп танылды.

183 0

Бразилияда дәрігер Вирджиния Соарес де Соузу 7 науқастың өліміне айыпты деп танылды.

Сондай-ақ, тергеушілер оның тағы 300 адамның қазасына да қатысы болуы мүмкін дегенді болжап отыр. Мамандардың айтуынша, дәрігер ауыр халде жатқан науқастарды тыныс алатын құрылғыны өшіру арқылы өлтірген. Болжам бойынша, күдікті бұл қылмысқа ауруханадағы орынды босату үшін барған. Дәрігер айыбын мойындамай отыр. Ең сорақысы, науқастар тек Соузудың ауысымында қаза тапқан. Оқиға Куритиба қаласындағы ауруханалардың бірінде болды. Енді Соузу мен оның қарамағында жұмыс істейтін басқа қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Қазірде тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары ауруханада соңғы жеті жылда қаза тапқан 1700 адамның жеке картасын тексеруге кірісті.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!