Жаңа Зеландия Кеден одағымен еркін сауда аймағы жөніндегі келісімді бекітуге үмітті

Фотография - Жаңа Зеландия Кеден одағымен еркін сауда аймағы жөніндегі келісімді бекітуге үмітті

Жаңа Зеландия Кеден одағымен еркін сауда аймағы жөніндегі келісімді бекітуге үмітті.

153 0

Жаңа Зеландия Кеден одағымен еркін сауда аймағы жөніндегі келісімді бекітуге үмітті.

Бұл туралы бүгін  Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжинге Сенім грамотасын тапсырғаннан кейін аталған елдің Төтенше және Өкілетті Елшісі  Хэмиш Купер мәлім етті.

«Біздің елдердің өзара іс-қимылдарын нығайтуға елеулі мүмкіндіктер бар. Біз бүгінде түрлі халықаралық ұйымдар аясында ынтымақтасып отырмыз. Сонымен қатар жақында Жаңа Зеландия мен Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы арасында еркін сауда аймағы жөніндегі келісімді бекітуге үміттіміз», - деді Елші.

Бұдан бөлек, ол Қазақстанмен білім беру, ауыл шаруашылығы технологиялары бойынша қарым-қатынастарды нығайтуға үлкен мүмкіндіктер бар екендігін сөз етті.

Сөз соңында екі мемлекеттің арасындағы ынтамақтастықты дамытуға Жаңа Зеландия бар күш-жігерін салуға мүдделі екенін атап өтті.


Тегтер:

зеландия жаңа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!