Кипр халқы ереуілден көз ашпай отыр

Фотография - Кипр халқы ереуілден көз ашпай отыр

Қаржы қыспағында қалған Кипр халқы ереуілден көз ашпай келеді. Никосия қаласында наразылық шеруі түні бойы жалғасты.

229 0

Қаржы қыспағында қалған Кипр халқы ереуілден көз ашпай келеді. Никосия қаласында наразылық шеруі түні бойы жалғасты.

Еуроодақ ғимараты мен президент сарайы алдында жиналған жұрт Кипрдің орталық банк басшысы Паникос Деметриадис пен ел президенті Никос Анастасиадисті қызметінен кетуін талап етті. Сонымен қатар жиналған қауым депозитке салынатын салық мәселесін ұлттық референдумға шығаруды талап етті. Естеріңізге салайық, жуырда ғана Кипр Банк ғимаратына банк қызметкерлері мен депозит иелері баса көктеп кірмекші болған. Қызметкерлер жұмыссыз қалудан қорқады.

Катрина ГАДРИА, Кипр тұрғыны:

- Анастасиадис президент тағына отырмас бұрын елде экономикалық ахуалды жақсартамын деп уәде берген. Алайда сөзі мен ісі алшақ. Ол Кипр экономикасын жойды, енді бізді де жарға жығатын  түрі бар.

Соңғы кездері қаржы дағдарысынан осы елдің көршісі Грекияның да берекесі кетті. Аймақта жарылыс пен өрт жиілеп барады. Таяуда Афины қаласының орталығында жарылыс болып, салдарынан жақын маңда орналасқан ғимараттар мен тұрғын үйлер зардап шекті. Қираған тұрғын үйлердің бірі Кипр банкінің бұрынғы басқарма мүшесі Никос Тсакосқа тиесілі екені анықталды.

 


Тегтер:

Кипр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!