БҰҰ-ның қару саудасы туралы құжаты қабылданбады

Фотография - БҰҰ-ның қару саудасы туралы құжаты қабылданбады

БҰҰ әлемде қару-жарақ саудасына бақылау жасау туралы бір мәмілеге келе алмады

277 0

БҰҰ әлемде қару-жарақ саудасына бақылау жасау туралы бір мәмілеге келе алмады. Иран мен Солтүстік Корея қару-жарақ саудасына бақылау жасау туралы алғашқы келісімді қабылдаудан бас тартты. Келісім қабылдануы үшін оны БҰҰ-ға мүше 193 ел түгел қолдауы қажет. Екі ел өкілдері құжатқа дауыс берудің соңғы кезеңінде бас тартқан соң ұйым жиыны тоқтатылды.

Иранның БҰҰ-дағы елшісі Мұхаммед Хазаи құжаттың "кемшіліктері мен айла-шарғылары" көп екенін және келісімнің "саяси астары мен кемсітушілік сипаты барын" айтады.

Келісімде БҰҰ-ға мүше елдерге қару-жарақты сату мен сатып алу туралы барлық келісім-шарттарын тексеруден өткізуді міндеттейді. Тексеріс қару-жарақтардың адам құқықтары мен гуманитарлық заңдарды бұзуға және террористік мақсатқа қолданылмауын болдырмау үшін жасалады.


Тегтер:

соғыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!