Солтүстік Корея зымырандарын дайындыққа келтірді

Фотография - Солтүстік Корея зымырандарын дайындыққа келтірді

Солтүстік Корея президенті Ким Чер Ир елдің қарулы күштеріне Оңтүстік Корея мен Тынық мұхиты аумағында орналасқан АҚШ әскери базаларына зымыраннан соққы беруге дайындала беруді бұйырды.

165 0

Солтүстік Корея президенті Ким Чер Ир елдің қарулы күштеріне Оңтүстік Корея мен Тынық мұхиты аумағында орналасқан АҚШ әскери базаларына зымыраннан соққы беруге дайындала беруді бұйырды.

Солтүстік Корея мемлекеттік телеарналарының хабарлауынша, Ким Чен Ир жарлығында "америкалық империалистермен есеп айырысатын кез келді" деген.

Бұған дейін АҚШ Оңтүстік Коерямен бірлескен әскери жаттығуы кезінде осы ел үстінен екі бомбалаушы ұшағын ұшырған еді.

Соңғы апталарда Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяға ядролық соққы беретіні туралы доқ көрсетіп келеді. 27 наурызда Солтүстік Корея билігі соғыстың кез-келген уақытта басталып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Бқдан өзге, Пхеньян наурыздың ортасында Сеулмен 1953 жылы екі ел арасындағы соғысты тоқтату туралы бітімнен бас тартатынын да ескерткен.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!