Үкімет құру мүмкін болмауда

Фотография - Үкімет құру мүмкін болмауда

Италияда үкімет құру мүмкін емес.

219 0

Италияда үкімет құру мүмкін емес.

Бұл туралы уақытша Премьер-Министр мандатына ие болған солшылдар коалициясының лидері, Демоктралиятық партия хатшысы Пьер Луиджи Берсани ел Президенті Джорджо Наполитаноға мәлімдеді. Саясаткер билік өкілдері кеңесінде мемлекет басшысына елдегі шиеленіскен саяси ахуалдың мән-жайын және үкіметтегі мәселелер жайында баяндама жасаған. Дегенмен П.Берсани оған ұсынылған мандаттан бас тартқан жоқ. Таяуда кеңестің екінші отырысы болады деп жоспарланып отыр. Ал сарапшылар «президенттік үкімет» құру керектігін жеткізді. Биыл мамырдың 15-сі күні Дж.Наполитаноның мандаттық мерзімі аяқталып, жаңа сайлау күні жариялануы тиіс. «Өтпелі үкіметтің» мақсаты – жаңа президентті сайлау және сайлау заңдарына өзгерістер енгізу. Саясаткерлер «сайлау жүйесінің дұрыс болмағаныдығынан елде саяси дағдарыс басталды» деген пікірін жеткізді. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, президенттік сайлау биыл маусым айында өткізілуі мүмкін.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!