Қытайда кеншілер жер астында қалды

Фотография - Қытайда кеншілер жер астында қалды

Қытайда Тибет автономиялық ауданында алтын кен орнында лай көшкіні болып, ондаған адам жер астында қалды

230 0

Қытайда Тибет автономиялық ауданында алтын кен орнында лай көшкіні болып, ондаған адам жер астында қалды.

 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, көшкін 4 мың шаршы метр аумақты басып қалған. Соңғы түскен мәліметтерге сүйенсек, жер астында 83 кенші қалған. Құтқару жұмыстарына мыңнан астам құтқарушылар, әскерилер, дәрігерлер мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Ал, Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь провинциясында көмір кен орнындағы жарылыстан 28 кенші мерт болды. Жергілікті билік 13 адамның құтқарылғанын айтты. Жалпы, Қытай тау-кен өндірісі әлемде ең қауіпті болып саналады. Жыл сайын түрлі оқыс оқиғадан елде мыңдаған кенші қаза табады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!