Қырғызстанда үш депутат сотталды

Фотография - Қырғызстанда үш депутат сотталды

Бішкектің Первомай аудандық соты жұма күні Қырғызстан парламентінің үш депутатын "конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақырған" деп тауып, оларды бас еркіндігінен айыруға үкім шығарды

126 0


Бішкектің Первомай аудандық соты жұма күні Қырғызстан парламентінің үш депутатын "конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақырған" деп тауып, оларды бас еркіндігінен айыруға үкім шығарды.

Айыпталушы Камчыбек Ташиев пен Садыр Жапаров бір жарым жылға, Талант Мамытов - бір жыл мерзімге қамау жазасына кесілді. Ташиевтің оққағарлары да бір жылға бас бостандықтарынан айырылды. Осы іс бойынша айып тағылған қоғам қайраткері Қубатбек Қожоналиев ақталды.

Сотталғандардың адвокаттары судьяның шешіміне келіспейтіндіктері туралы шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Сот кезінде Ташиев митингте қазіргі үкіметтің орнынан кетуі туралы талап қойғанын, бірақ билікті күшпен ауыстыруға шақырмағанын мәлімдеді. Мамытов пен Жапаров «Құмтөр» кенішіндегі проблемаларды көтеру мақсатымен наразылық акциясына қатысқандарын айтты.

Оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясынан парламентке сайланған депутаттар - Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытов Бішкекте былтыр қазанда "Құмтөр" алтын кенішін мемлекет иелігіне алу туралы талаппен өткен митингтен кейін қамауға алынған еді. Олардың ісі бойынша сот биыл 10 қаңтарда басталған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!