Мексикада көше бандылары иттер мен мысықтарды айуандықпен өлтіруде

Фотография - Мексикада көше бандылары иттер мен мысықтарды айуандықпен өлтіруде

Иттер мен мысықтардың рәсімдік өлтірілуіне қатысты тергеу амалдарын жүргізуді талап етті.

255 0

Мексикада жануарларды қорғаушылар биліктен көше бандылары тарапынан иттер мен мысықтардың рәсімдік өлтірілуіне қатысты тергеу амалдарын жүргізуді талап етті.

Леон-де-лос-Альдама қаласы билігіне арнаған петицияда белсенділер бандылардың бірі буаз итті өлімше етіп ұрып-соққанын және мысықты тірідей өртеп жібергенін атап өткен.

Жануарларды қорғаушылардың мәліметінше, аталмыш топтар мүшелері бастамасының келесі сатысы адамдарды ұрумен жалғасады.

Жыл сайын Мексикада көше бандылары жүздеген адамдарды өлтіреді екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!