Ірі жол апатынан 8 адам жараланды

Фотография - Ірі жол апатынан 8 адам жараланды

Швейцарияның шығысында ірі жол апаты болды.

243 0

Швейцарияның шығысында ірі жол апаты болды.

Елдің Шексбор қаласындағы «А9» тасжолында 50 шақты көлік бір-біріне соғылды. 8 адам жараланып, ауруханаға түскен. Оқыс оқиға тау шаңғы шипажайлары Вербье мен Церматт аудандарының арасында болды. Апат қалың тұманның салдарынан болып отыр. Тергеу барысында 100-ге жуық адам жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жол апаты болған автомагистраль 4 сағат бойы жабық тұрған. Төтенше жағдай қызметкерлеріне зақымданған ондаған көлікті шығару оңайға соққан жоқ. Негізі «Пасха» діни мерекесіне орай, Швейцарияда шипажайларға аттанған адамдар саны өте көп. Жолдарда көлік кептелістері де көп болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!