Лаңкестік шабуылы қаупіне байланысты Париждегі Эйфель мұнарасына келген адамдар қауіпсіз жерге көшірілді

Фотография - Лаңкестік шабуылы қаупіне байланысты Париждегі Эйфель мұнарасына келген адамдар қауіпсіз жерге көшірілді

Париждің басты символы - Эйфель мұнарасына бомба қойылды деп кеше белгісіз біреу қоңырау шалды.

264 0

Париждің басты символы - Эйфель мұнарасына бомба қойылды деп кеше белгісіз біреу қоңырау шалды.

Полиция шұғыл түрде эвакуация жүргізді. Мұнарадан бір жарым мыңға жуық адам қауіпсіз жерге шығарылып, ғимарат қоршауға алынды. Алайда оқиға орнына келіп жеткен саперлер ешқандай жарылғыш затты таба алмады.

Францияда соңғы бірнеше апта бойы қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бұл негізінен елдің Малидегі әскери кампанияға қатысқаны үшін кек аламыз деген радикалды ислам лаңкестерінің мәлімделеріне байланысты қабылданған шара.

Эйфель мұнарасы «телефон терроршыларының» шабуылына бірінші рет ілігіп отырған жоқ. 2012 жылы мұнарада бір рет жарылғыш зат іздестірілсе, 2011 жылы мұндай қоңыраулар екі мәрте тіркелген.

Эйфель мұнарасы 1889 жылы Париждегі бүкіләлемдік көрме кезінде уақытша нысан ретінде салынған болатын. Алайда ол үлкен танымалдыққа ие болып, бірінші жылдың өзінде-ақ салуға жұмсалған қаржының төрттен үшін қайтарды. Содан соң Париж әкімшілігі мұнараны қалдыру жөнінде шешім қабылдады. Бүгінде Эйфель мұнарасы әлемдегі ең көп адам келетін және ең көп суретке түсірілетін нысан болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!