Сириялық жауынгерлер Алепподағы мешіт имамын өлтірді

Фотография - Сириялық жауынгерлер Алепподағы мешіт имамын өлтірді

Сириялық жауынгерлер Алепподағы мешіт имамын өлтіріп, мәйітін қала көшелерімен алып өтті

158 0

Сирия әскеріне қарсы соғысып жатқан жауынгерлер Алепподағы мешіт имамын өлтіріп, оның оның бассыз денесін қала көшелерімен алып өтті.

«Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымының ақпараты бойынша, өлтірілген шейх Хасан Сейфеддин қала солтүстігіндегі Шейх-Максуд ауданындағы мешітте сунниттік имам болатын. Имам 30 наурызға қараған түні өлтірілді. Оны қаланың шығысында өлтіріп, содан кейін денесін көше арқылы алып өтті», – делінген SOHR есебінде.

Х.Сейфеддин қазіргі үкіметті ашық түрде қолдағаны үшін өлтірілді.

«Алеппо улемдері адамгершіліктің жаулары жасаған бұл қылмысты қатты сынға алуда. Олар шейх Х.Сейфеддинді өлітірп, оның басын Әл-Хассан мешітінің мұнарасына іліп қойды», – делінген сириялық Al-Ikhbariya телеарнасының хабарламасында.

Шейх-Максуд ауданы Алеппоның солтүстігінде орналасқан және онда көбіне күрділер мекен етеді. 29 наурыздан бері ол жақта сириялық әскерлер мен жауынгерлер жасақтарының арасында үлкен соғыс жүріп жатыр. SOHR мәдіметі бойынша аталған ауданда Х.Сейфеддиннен өзге тағы 10 бейбіт тұрғын, 14 әскери қызметші, сондай-ақ 7 лаңкес өлтірілді.

Өткен аптада сириялық үкіметті қолдайтын тағы бір имам өлтірілген болатын. Дамасктің солтүстігінде мешіттегі уағыз кезінде шейх Мохаммед Саид әл-Бутиді жарып жіберді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!