Иракта лаңкестер шабуылы тоқтар емес

Фотография - Иракта лаңкестер шабуылы тоқтар емес

Иракта лаңкестер тағы сойқан салды.

180 0

Иракта лаңкестер тағы сойқан салды. Эль-Фаллуджа қаласында лаңкестердің шабуылынан 3 адам көз жұмды.

Қаза тапқандардың ішінде жергілікті мешіттің имамы мен оның қасында болған тағы 2 адам бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 1 адам ауыр жарақат алды. Сонымен қатар, елдің өзге қалаларында да жарылыстар толастамай жатыр. Осы кезде Зубайр қаласындағы мешітте жарылғыш зат іске қосылып, 6 адам жараланды. Жараланғандар ауыр халде ауруханада жатыр. Әзірге бұл әрекеттерді ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Естеріңізге салайық, Иракта діни және этникалық топтар арасында жанжал өршіп барады. БАҚ өкілдернің хабарлауынша, өткен жылдың қараша айынан бері лаңкестердің қолынан шамамен 1 300 бейбіт тұрғын қаза тапты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!