Парадан бас тартқан жол сақшысына сыйақы беріледі

Фотография - Парадан бас тартқан жол сақшысына сыйақы беріледі

Үлкен көлемдегі парадан бас тартқан жол полиция қызметкеріне сыйақы берілетін болды. Алайда, бұл Қазақстанда емес, Ресейде орын алған жайт

219 0

 Жол сақшысы өзіне ұсынылған 45 миллион рублден бас тартып қана қоймай, қаржы полициясына шағым түсірген.

Күні кеше белгілі болғандай, ресейлік құқық қорғаушылар жол полициясының шенді қызметкеріне 45 миллион рубль пара бермек болған азаматты қолға түсірген. Мұндай ірі қаражатқа ол ірі көлемдегі жүк көліктерінің партиясын заңдастырып беруін өтініпті. Жол сақшысы болса "ақшаның буына" елтімей, болған жайтты өз басшылығына жеткізіпті. Келісілген жоспар бойынша, күдіктіні "аванс" беріп жатқан жерінде қол түсірді.

Ал, мұндай "батыл" әрекеті үшін парадан бас тартқан жол сақшысы РФ ІІМ-нен 100 мың рубль көлемінде сыйақы алатын болады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!