Ресей Кипрдегі салымшыларына көмектеспейді

Фотография - Ресей Кипрдегі салымшыларына көмектеспейді

Ресей вице-премьері  Игорь Шувалов Кипрдегі қаржы дағдарысы салдарынан зардап шегуі мүмкін делінген ресейліктерге үкімет қандай да бір көмек көрсету шараларын жасамайтынын мәлімдеді

106 0

Ресей вице-премьері  Игорь Шувалов Кипрдегі қаржы дағдарысы салдарынан зардап шегуі мүмкін делінген ресейліктерге үкімет қандай да бір көмек көрсету шараларын жасамайтынын мәлімдеді.

"Кипрдегі қаржы дағдарысынан шығынға ұшырағандар немесе зардап шеккендерге өкінуден басқа амал жоқ. Бірақ Ресей үкіметі бұл жағдайға қатысты ешқандай шара қолданбайды" деді Шувалов. Оның айтуынша, Мәскеу тек мемлекеттің үлесі бар компанияларға ғана қарайласпақ.

Қаржы дағдарысына ұшыраған Кипр Еуропа Одағы бөлген 10 миллиард еуроны алу үшін 5,8 миллиард еуро қаржы табуы тиіс. Осыған орай Кипр банкінде 100 мың еуродан көп салымы бар депозит иелері қаржысының 60 пайыздан астамынан айырылуы мүмкін.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!