Түркия балалардың суретін ғаламторға салуға тыйым салды

Фотография - Түркия балалардың суретін ғаламторға салуға тыйым салды

Бауырлас елдің отбасы істері және әлеуметтік саясат жөніндегі министрлігі балалардың суреті мен бейнежазбасын ғаламторға салуға тыйым салатын нұсқау берді

172 0

Бауырлас елдің отбасы істері және әлеуметтік саясат жөніндегі министрлігі балалардың суреті мен бейнежазбасын ғаламторға салуға тыйым салатын нұсқау берді.

Осы ведомствоның басшысы Фатма Шахиннің айтуынша, соңғы уақытта балалардың фотосуреті мен бейнежазбаларын заңсыз пайдалану және өзінің арам ойын жүзеге асыру мақсатында пайдалану оқиғалары көптеп тіркелген. Бұл балалар құқығы жөніндегі конвенцияға қайшы келеді.

muslim.kz сайтының жазуынша, осыған байланысты балалармен жұмыс істейтін мемлекеттік және жекеменшік балалар бақшаларына, үйірмелерге және өзге де ұйымдарға хат жолданды. Онда әлеуметтік сайттардағы балалардың фотосуреттері мен бейнежазбаларын алып тастауға және бұдан былай ғаламторға салмауға пәрмен берілген.

Енді Түркияда балалардың фотосуреттері мен бейнежазбаларын Facebook, Twitter және Youtube желілеріне орналастыру үшін әрі балалар туралы ақпараттарды енгізу үшін аталмыш министрліктің арнайы рұқсаты болуы керек.

Facebook-ты пайдаланушылар саны жағынан Түркия Еуропада бірінші орында, ал әлемде 6-шы орында тұрғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді. Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіні 32 млн адам пайдаланады екен. Аталмыш желіні түріктердің арасында 18 бен 24 жас аралығындағы жастар жиі пайдаланады. Бұл деректі пайызға шағып, санмен өрнектесек: пайдаланушылардың 35%-ы осы жас аралығындағы жастар, яғни 10 млн. 311 мың 550 адам.

Ал екінші орында - 25 пен 35 жас аралығындағылар - 28% немесе 8 млн 749 мың 194 адам. Үшінші позицияда - 35 пен 45 жас аралығындағылар - 3 млн 749 мың 655 адам немесе 12%. 32 млн пайдаланушының 63 пайызы - еркек кіндіктілер болса, 37% - әйелдер жұрағаты.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!