Кипрде елден ірі көлемде ақша шығармақ болғандар ұсталды

Фотография - Кипрде елден ірі көлемде ақша шығармақ болғандар ұсталды

Кипр полициясы белгіленген нормадан асатын ақшаны өткізбеу үшін шекарадағы күзетті күшейтті

252 0

Кипр полициясы белгіленген нормадан асатын ақшаны өткізбеу үшін шекарадағы күзетті күшейтті. Бірінші кезекте тәртіп сақшылары жолаушылардың сөмкелерін тексеруде.

«Шекарада 200 мың еуродан астам ақшаны елден шығармақ болған үш адам ұсталды. Ақша тәркіленді, ал адамдардан жауап алынуда», - делінген ақпаратта.

«Біз қазір Кипрден капиталдың күдікті қозғалысын байқаудамыз», - деп БАҚ Кипр үкіметімен келіссөздерге қатысатын еуроодақтың жоғары лауазымды өкілінің сөзін келтірді.

«Файнэншл таймс» мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың маусымынан бастап еуроодақтың басқа елдерінің тұрғындарына тиесілі банк жүйесіндегі депозиттердің жалпы сомасы 41%-ға, яғни 3,9 млрд еуроға дейін азайған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!