Австрия мұсылмандары діни мерекелерге демалыс сұрауда

Фотография - Австрия мұсылмандары діни мерекелерге демалыс сұрауда

Германия мұсылмандарынан кейін Автриядағы діндес бауырлар да іле-шала ислам мерекелерін мемлекеттік деңгейде атап өту жайында ұсыныс тастап, бастама көтерді

186 0

Германия мұсылмандарынан кейін Автриядағы діндес бауырлар да іле-шала ислам мерекелерін мемлекеттік деңгейде атап өту жайында ұсыныс тастап, бастама көтерді.

Австриядағы Фуат Санач (Fuat Sanac) деп аталатын ең ірі ислам ұйымдарының бірі діни мереке күндері мұсылмандарға демалыс берілуін талап етті. Аталмыш ұйым мүшелері мейрам күндері құлшылық етуге уақыттың табыла бермейтіндігін алға тартып отыр. muslim.kz сайтының жазуынша, неміс мұсылмандары секілді олардың австриялық діндес бауырлары да Құрбан айт пен Ораза айт мейрамдарында мұсылмандардың демалуына мүмкіндік беруді сұрап отыр. Жергілікті саясаткерлер олардың бұл ұсынысына қарсы болмаса да оны қабылдауға асығар емес. Жамағат жетекшісінің сөзіне қарағанда, бұл ұсыныс жүзеге асатын болса, олардың австриялық қоғамға тез сіңісіп кетуіне септігін тигізер еді.

Бүгінгі таңда жергілікті мұсылмандар діни мереке күндері демалысқа шыға алмайды. Олар тек жұмыс беруші келісімін берсе ғана, бұл мүмкіндікті пайдалана алады. Ал мұсылман оқушылар діни мейрам күндері мектепке бармауына рұқсат етілген.

«Дін - әркімнің өз шаруасы» атты бастаманы көтергендер бұл мәселені шешудің басқа жолын ұсынып отыр. Олардың айтуынша, билік басындағылар ел тұрғындарының жылына қанша күн демалатынын анықтап, қолайлы күндерге діни мейрамдарды орайластыруы керек.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!