Дамаскіде еврейлердің ежелгі синагогасы бүлінді

Фотография - Дамаскіде еврейлердің ежелгі синагогасы бүлінді

Дамаскідегі қақтығыстарда зеңберектен соққы беру кезінде еврейлердің тарихи Джобар синагогасы зардап шекті

122 0

Дамаскідегі қақтығыстарда зеңберектен соққы беру кезінде еврейлердің тарихи Джобар синагогасы зардап шекті. Қалалық тарихи ескерткіштер департаментінің бастығы Мамун Абдулкаримнің айтуынша, синагога аса қатты бүлінбеген. Соққыдан соң храмнан алтыннан жасалған шырағдандар мен иконалар ұрланған.

Синагога Інжілде айтылатын Илия пайғамбардың құрметіне екі мың жыл бұрын тұрғызылған. Ол әлемдегі ең көне синагогалардың бірінен саналады.

Храмда сақталған мыңдаған құнды қолжазбалар ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған қаланың ескі бөлігіндегі басқа синагогаға апарылды.

Сириядағы азаматтық соғыстан тарихи ескерткіштер, оның ішінде ежелгі базарлар,  мешіттер мен шіркеулер бүлініп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!