11 қыркүйектегі теракті құрбандарын іздеу жұмыстары жалғасты

Фотография - 11 қыркүйектегі теракті құрбандарын іздеу жұмыстары жалғасты

Соңғы екі жылда теракті болған жерден 60-қа тарта жүк көлігімен қираған ғимарат қалдықтары шығарылған еді. Қираған қалдықтарды енді сарапшылар тексермек

135 0

Нью-Йорк басшылығы 2001 жылы 11 қыркүйектегі терактіде қираған дүниежүзілік сауда үйінде қаза тапқандардың мәйіттерін іздестіру жұмыстары қайта басталғанын хабарлады. Соңғы екі жылда теракті болған жерден 60-қа тарта жүк көлігімен қираған ғимарат қалдықтары шығарылған еді. Қираған қалдықтарды енді сарапшылар тексермек.

Қала мэрінің терактіде қаза тапқандардың отбасыларына айтуына қарағанда, іздестіру жұмыстары зерттеу жұмыстары басталмайынша жүргізіле бермек.

Дүниежүзілік сауда ұйымының қос ғимаратына жасалған шабуыл кезінде үш мыңға тарта адам қаза тапқан еді. Қазірге дейін 1634 адамның мәйіттері сараптамадан өтіп, танылды. Қазір қираған қос ғимарат орнында жаңа "Азаттық мұнарасы" деп аталатын жаңа ғимарат салынып жатыр.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!