Иранда 5 тонналық балмұздақ әзірленді

Фотография - Иранда 5 тонналық балмұздақ әзірленді

Ирандық кондитерлер кеше көпшілік назарына алып балмұздақты ұсынды. Тәтті тағамның салмағы шамамен бес тоннаға жетеді. Ал, көлемі болса 1,5х2 метр

179 0

Ирандық кондитерлер кеше көпшілік назарына алып балмұздақты ұсынды. Тәтті тағамның салмағы шамамен бес тоннаға жетеді. Ал, көлемі болса 1,5х2 метр.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат Гиннестің рекордтар кітабына енуғана емес, сондай-ақ Иран Ислам Республикасы тұрғындары арасында балмұздақты жарнамалау. Өйткені, аталған елдегі әрбір азамат жылына шамамен небәрі 1,5 келі балмұздақ жейді екен.

Алып балмұздақ жасауда мұның алдындағы рекорд 2005 жылы АҚШ-та орын алған болатын. Американдық Baskin-Robbins компаниясы ол кезде салмағы 4021 келі болатын балмұздақ әзірлеген еді. Бұл жайында РИА Новости хабарлайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!