БҰҰ Бас ассамблеясы қару саудасы туралы құжат қабылдады

Фотография - БҰҰ Бас ассамблеясы қару саудасы туралы құжат қабылдады

Өткен аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде аталған құжатқа осы үш мемлекет қарсы шығып, қабылдатпай тастаған еді

386 0

БҰҰ Бас ассамблеясы тарихта тұңғыш рет халықаралық қару-жарақ саудасын реттеу туралы алғашқы келісімді бекітті. Келісім-шартты ассамблеяға мүше 193 мемлекеттің 154-і қолдады. Сирия, Иран мен Солтүстік Корея қарсы дауыс берді. Ресей мен басқа 22 мемлекет қалыс қалды.

Өткен аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде аталған құжатқа осы үш мемлекет қарсы шығып, қабылдатпай тастаған еді.

Құжат халықаралық қару саудасына бақылау орнату, қару-жарақтың террористердің, заңсыз топтар мен қылмыскерлердің қолына түсіп кетпеуін қадағалау үшін қабылданған. Оны дайындауға ондаған жыл уақыт кетті.

Келісім-шарт мемлекетаралық қару-жарақ саудасына қатысы жоқ. Бірақ ол БҰҰ-ға кіретін мемлекеттерді қару саудасына бақылау жасайтын заңнамалар қабылдауға міндеттейді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!