Гүлнара Каримова өзбек вице-премьерін айыптады

Фотография - Гүлнара Каримова өзбек вице-премьерін айыптады

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара премьер-министрдің орынбасары әрі қаржы министрі Рустам Азимовты тағы да айыптады

239 0

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара премьер-министрдің орынбасары әрі қаржы министрі Рустам Азимовты тағы да айыптады.

Каримова өзінің Twitter-дегі аккаунтында ол вице-премьердің байлығы 4 миллиард АҚШ долларын құрайтынын жазып, оны заңсыз жолмен келген болуы мүмкін деген жорамал айтты. Ол бұған қоса желідегі басқа да қолданушылардың Азимовты "қаржы жымқыру әдісін жасаған алаяқ" деп айтқан жазбаларын да келтірген.

Гүлнара Каримова Азимовты Twitter-де өткен айда да "мемлекеттік тендерді өткізу кезінде алаяқтық жасады" деп айыптаған еді.

55 жастағы Рустам Азимов вице-премьер қызметін 2008 жылдан бері атқарып келеді. Көпшілігі оны 75 жастағы президент Ислам Каримовтың мұрагері болуы мүмкін деп санайды. 40 жастағы кәсіпкер, бұрынғы дипломат Гүлнара Каримованы да жұрт президенттіктен үміті бар деп санайды.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!