Кипр үкіметі зейнет жасын 67-ге дейін ұлғайтпақ

Фотография - Кипр үкіметі зейнет жасын 67-ге дейін ұлғайтпақ

Кипр үкіметі зейнетақы төлемдерін өсіруді уақытша тоқтатып, зейнеткерлікке шығу жасын 67-ге дейін дейін ұлғайтуға шешім қабылдады

248 0

Кипр үкіметі зейнетақы төлемдерін өсіруді уақытша тоқтатып, зейнеткерлікке шығу жасын 67-ге дейін дейін ұлғайтуға шешім қабылдады.

«Үкімет табак және алкоголь өнімдеріне акциздік төлемдерін, корпоративтік табыс пен қосылған құн салығын да арттырмақшы. Коммуналдық қызмет тарифтері кем дегенде 17 пайызға қымбаттайды. Сонымен қатар министрлер кабинетіне қарасты бірқатар кәсіпорындар жекеменшікке беріледі»,-деп жазылған хабарламада.

Кипрге кредит берудің негізгі шарттары жөніндегі меморандумға сәйкес, 2013 жылы елдің бюджет тапшылығы ЖІӨ 2,4% (395 млн еуро), 2014 жылы 4,25% (678 млн еуро), ал 2015 жылы 2,1% (344 млн еуро) құрайды.

Бұған дейін Кипрде қаржылық транзакцияларды бақылау шамалы төмендеген болатын. Елдің қаржы министрі қаржылық трансакциялар шегін Кипрдің Орталық банкінің мақұлдауынсыз 5 мың еуродан 25 мың еуроға дейін көтерді. Қаржы министрлігінің бұл жарлығы екі күн күшінде болады. Ел билігінің хабарлауынша, шектеуді толығымен алып тастауға шамамен бір ай уақыт керек.

Ал бүгін Кипр биржасы акционерлерді қорғау мақсатында елдегі Bank of Cyprus және Popular Bank сияқты ірі банктердің акциясы ағымдағы жылдың 15-ші сәуіріне дейін саудаланбайтынын мәлімдеді.

Бұл шаралар капиталдың шығарылуына тосқауыл болу үшін қолға алынған. 2013 жылдың 28-ші наурызында екі апта үзілістен кейін кредиттік ұйымдардың жұмысы қайта жанданды. Бірақ банктік операциялардың кейбір түріне шектеу қойылған.

Халықаралық кредиторлармен жасалған келісім қорытындысына сәйкес, Кипрде салықтық-бюджеттік түзетулер кезеңі 2018 жылға дейін жалғасады. Ел билігі ағымдағы жылдың мамыр айына қарай 10 млрд еуро көлемінде алғашқы транш беріледі деп күтуде. Кредиттің пайыздық үстемақысы 2,5%, заем 2022 жылдан бастап өтеліп, 12 жылдың ішінде қарыз толық қайтарылады деп жоспарланған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!