Ресей шенеуніктері шетелдегі салымдарын жаппақ

Фотография - Ресей шенеуніктері шетелдегі салымдарын жаппақ

Ресей президенті Владимир Путин шенеуніктер мен мемлекеттік компания басшыларын шетелдердегі есеп-шоттарын жауып, шетел компанияларындағы акцияларынан бас тартуға міндеттейтін жарлық шығарды

278 0


Ресей президенті Владимир Путин шенеуніктер мен мемлекеттік компания басшыларын шетелдердегі есеп-шоттарын жауып, шетел компанияларындағы акцияларынан бас тартуға міндеттейтін жарлық шығарды.

Президент әкімшілігінің басшысы Сергей Ивановтың айтуынша, жарлықты орындау мерзімі 1 шілдеде аяқталады. Ол "заң алдында барлық шенеуніктің бірдей екенін" айтып, оны орындамағандардың қызметтен босатылатынын айтты.

Сарапшылардың пікірінше, жарлық жемқорлықпен күресу үшін ғана емес, оған қоса ресейлік шенеуніктердің өзге елдердегі түрлі жағдайларға тәуелді болмауын да ойластырыла қабылданған.

Жарлықта шенеуніктердің шетелдердегі салымдары мен акциялары туралы ақпарат бергендердің аты-жөні құпия сақталатыны айтылған. Бірақ анонимді ақпарат қарастырылмайды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!