Малайзия премьері парламентті таратты

Фотография - Малайзия премьері парламентті таратты

Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак парламентті таратып жіберді. Сәрсенбіде телеарна арқылы жолдаған үндеуінде премьер екі ай ішінде жаңа сайлау өтетінін және оны корольдің қолдағанын айтты

216 0


Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак парламентті таратып жіберді. Сәрсенбіде телеарна арқылы жолдаған үндеуінде премьер екі ай ішінде жаңа сайлау өтетінін және оны корольдің қолдағанын айтты.

Наджиб Разактің басқарушы Ұлттық майдан коалициясының мандаты 30 сәуірде аяқталады. Көпшілігі алдағы сайлауда тартыс Ұлттық майдан мен оппозиционер Ануар Ибрагим басқаратын үш партиялық коалиция арасында өтеді деп санайды.

Ұлттық майдан коалициясы 1957 жылдан бері Малайзияда билік құрып келеді. Бірақ 2008 жылғы сайлауларда парламенттегі басымдығының үштен екісінен айырылып қалған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!