Пхеньян Кэсон бірлескен аймағына кіруге тыйым салды

Фотография - Пхеньян Кэсон бірлескен аймағына кіруге тыйым салды

Оңтүстік Корея билігі Солтүстік Кореяның бірлескен Кэсон индустриялық аймағына оңтүстік кореялық жұмысшыларды кіргізбей қойғанын хабарлады. Кэсон Солтүстік Корея территориясында орналасқан

141 0

Оңтүстік Корея билігі Солтүстік Кореяның бірлескен Кэсон индустриялық аймағына оңтүстік кореялық жұмысшыларды кіргізбей қойғанын хабарлады. Кэсон Солтүстік Корея территориясында орналасқан.

Оңтүстік Корея бірігу министрлігінің хабарлауынша, жұмысшылардың елдеріне қайтуына рұқсат етілген, бірақ индустриялық аймаққа кіруге тыйым салынады. Министрлік өкілі Пхеньянның бұл шешімін "өкінішті" деп бағалап, Сеул дәл қазір Кэсондағы 850 азаматының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойластырып жатқанын айтады.

Корей түбегіндегі әскери-саяси ахуал соңғы апталарда шиеленісіп кеткен еді. Оған Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың аймақта бірлескен әскери жаттығу өткізуі себеп болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!