Путин: Ресейде 2012 жылы қару экспорты артты

Фотография - Путин: Ресейде 2012 жылы қару экспорты артты

Биыл Ресей қару-жарақ кәсіпорындары 75 мемлекетпен 46 миллиард АҚШ долларына тең әскери техникасын сату туралы келісім жасасқан

163 0

Владимир Путин Ресейдің қару-жарақ экспортының көлемі өткен жылы 12 пайызға артқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей былтыр 66 елге 15,2 миллиард АҚШ долларының қару-жарағын сатқан.

Биыл Ресей қару-жарақ кәсіпорындары 75 мемлекетпен 46 миллиард АҚШ долларына тең әскери техникасын сату туралы келісім жасасқан.

Путиннің айтуы бойынша, Ресей осылайша әлемдегі қару-жарақ экспорттайтын жетекші елдердің біріне айналып отыр. "Ресей экспорт жағынан тек АҚШ-тан қалып қойып отыр. Біз әлемдік нарықтың төрттен бірін қамтып отырмыз" деді ол.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!