Сирия көтерілісшілеріне әйелдерді зорлауға рұқсат берілді

Фотография - Сирия көтерілісшілеріне әйелдерді зорлауға рұқсат берілді

Сирияның діни көсемдерінің бірі Башар Асадқа қарсы соғысып жатқан көтерілісшілерге мұсылман емес және сүнниттік ағымды мойындамайтын әйелдерді зорлауға рұқсатын берді

258 0

Сирияның діни көсемдерінің бірі Башар Асадқа қарсы соғысып жатқан көтерілісшілерге мұсылман емес және сүнниттік ағымды мойындамайтын әйелдерді зорлауға рұқсатын берді. Бұл жайында The Washington Times газеті жазып отыр.

Мұндай рұқсатты беріп отырған Ясир әл-Аджалауни. Ол Иордания тумасы, 17 жылдан бері Дамаск қаласында өмір сүріп келеді. Діндар салафиттік ағымның өкілі және өзін шейх есептейді.

Аджалауни көтерілісшілерге арнаған үндеуінYou Tube арқылы таратты. Оның айтуынша, Башар Асадқа қарсы соғысып жатқан жауынгерлерге мұсылман емес, сүнниттік бағытты мойындамайтын және алавит (алавиттерге Башар Асадтың отбасы жатады) әйелдерін зорлаған күнә емес, қайта заңды пәтуа.

Мамандардың айтуынша, бұл исламистерді әйел зорлауға шақырған алғашқы үндеу.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!