Ауғанстанда Талибан шабуылынан 53 адам мерт болды

Фотография - Ауғанстанда Талибан шабуылынан 53 адам мерт болды

Ауғанстанның батысындағы Фарах уәлаятында Талибанның шабуылынан 53 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды

147 0

Ауғанстанның батысындағы Фарах уәлаятында Талибанның шабуылынан 53 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Уәлаят басшылығының хабарлауынша, сәрсенбіде бір топ жанкешті Фарах қалалық сотының жанында бомбаны жарған. Бұдан соң қарулы топ пен қауіпсіздік күштерінің арасында жеті сағатқа созылған атыс болған. Шабуылды Талибан ұйымы мойнына алған.

France Press агенттігінің хабарлауынша, ішкі істер министрлігінің өкілі Наджиб Даниш шабуыл мен атыстан 34 бейбіт тұрғын, 6 сарбаз және 4 полицей қаза тапқанын айтқан. Жаралылар саны - 91 адам. Шабуыл жасаған Талибанның 9 адамы да қаза тапқан.

Шабуыл Талибанның соты жүріп жатқан 13 мүшесін босату үшін жасалған. Бірақ қамаудағылардың ешқайсысы қашып кете алмаған. Уәлаят басшысы Мохаммад Акрамның айтуына қарағанда, жанкештілер шабуыл жасағанда ауған ұлттық армиясының киімін киіп, ауған әскери көлігін пайдаланған.

Соңғы екі жылда Ауғанстанда мұндай ауқымды шабуыл болмаған еді. 2011 жылы желтоқсанда шииттер мешітінде болған ең ірі шабуыл кезінде 80 адам мерт болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!