КХДР АҚШ-қа қарсы ядролық қару қолдануға дайын

Фотография - КХДР АҚШ-қа қарсы ядролық қару қолдануға дайын

Осындай мәлімдемені Корея халық әскері бас штабының баспасөз хатшысы жасады

262 0

Солтүстік Корея қауіп туындаған жағдайда Америка Құрама Штаттарына қарсы ядролық қару қолдануға дайын. Осындай мәлімдемені Корея халық әскері бас штабының баспасөз хатшысы жасады.

Жаңалықтар қызметінің ақпараты бойынша, Солтүстік Кореяны Вашингтонның «жаулық саясаты» және АҚШ тарапынан төнген «аңдаусыз ядролық қауіп» ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін ресми түрде бекітуге мәжбүр еткен.

Бірнеше сағат бұрын Пентагон Солтүстік Корея тарабынан төнетін қауіптерге қарсы Тынық мұхиты жанындағы Гуам аралына зымырандарға қарсы қауіпсіздік жүйелерін орналастырғаны туралы жариялады.

Америкалық қорғаныс ведомствосының мәлімдемесінде зымырандарға қарсы THAAD жүйесі алдағы күндері Гуам аралында орналасады делінген.

«Америка құрама штаттары Солтүстік Корея алдында қырағылық танытуда және АҚШ аумағын, біздің одақтастар мен ұлттық мүдделерімізді қорғауға әзір», - делінген Пентагонның мәлімдемесінде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!