Ресейде «жасанды» балық сату жиілеп кеткен

Фотография - Ресейде «жасанды» балық сату жиілеп кеткен

Әлемде етке қатысты дау көбейіп келеді, Еуропада сиырдың, шошқаның етіне жылқы етін қосылғанына тұрғындар наразы болса, енді Германияда, Ресейде балыққа қатысты тағы дау шығуда

370 0

Әлемде етке қатысты дау көбейіп келеді, Еуропада сиырдың, шошқаның етіне жылқы етін қосылғанына тұрғындар наразы болса, енді Германияда, Ресейде балыққа қатысты тағы дау шығуда.

Германияда балық өнімдерінің үштен бірі құжаттағы сапасына сай болмай шыққан. Осындай кемшілік Ресейде де тіркеліп отыр.

Ресей ауылшаруашылығын қадағалау мекемесі басшысының көмекшісі Алексей Алексеенконың айтуына қарағанда, мекеме өткізген тексеру барысында балықтардың барлығы арзан түрімен алмастырылып, сатылып келгені белгілі болған.

Ең қызығы, пангасиус деген балық қана ауыстырылмапты, өйткені ол ең арзан балық екен. Алдаушылар кейбір балықтарды басқа түске бояған, тіпті қабыршағын жылтыратып көрсету үшін фосфат сепкен, дейді А.Алесеенко.

Қадағалау мекемесі жасанды балықтардың тұрғындар денсаулығына қауіпті екендігін айтуда.

Ресейге көп балық Қытайдан әкелінеді, ал олардың сапасы төмен. Өйткені балықты жасанды тоғандарда өсіріледі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!