Жеті миллион қытайлық ауыз судың азабын тартып отыр

Фотография - Жеті миллион қытайлық ауыз судың азабын тартып отыр

 Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар хабарлады.

185 0

Қытайдың солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс аудандарында орын алған күшті құрғақшылық ауыз су жетіспеушілігінің басты себепшісі болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар хабарлады.

Cina Daily агенттігінің баяндауынша, ауа температурасының жоғарылауы мен ауыз су мөлшерінің жетіспеушілігінен бұл өңірлерде тұратын 6,6 миллионнан астам адам азап шегуде. Жауын-шашынның болмауы сондай-ақ 7,3 млн. гектардан астам ауыл шаруашылығына жарамды жерлерге елеулі залал келтірген.

Билік құрғақшылықпен күресу мақсатында 2010 жылы су қоймасын салуды жоспарластырған екен. «Ірі және орта мөлшерді су қоймаларының құрылысы қашанда 3-4 жыл уақытты алады. Олай болса, бізде құрғақшылықты жуыр маңда жойып жіберудің мүмкіндігі жоқ», – деді КХР Су ресурстары министрлігінің өкілі Чжоу Сюевэня.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!