КХДР шығыс жағалауға орташа қашықтықтағы зымырандарды жеткізді

Фотография - КХДР шығыс жағалауға орташа қашықтықтағы зымырандарды жеткізді

Оны мамандар Мусудан кешені ретінде жіктеп отыр.

143 0

Солтүстік Кореяның әскерилері орташа қашықтықтағы зымырандарды шығыс жағалауға көшіріп, орналастырды.

Оны мамандар Мусудан кешені ретінде жіктеп отыр.

Оңтүстіккореялық БАҚ-тардың таратқан ақпаратына сәйкес, мұндай мәліметтерге АҚШ пен Корея мемлекетінің барлаушылары ие.

Мусудан санатындағы ракеталар 3 мың шақырымға дейінгі нысаналарды жоюға қауқарлы. Оның талқандау аймағына АҚШ, ҚХР, және РФ әскерилері жайғасқан Оңтүстік Кореяның, Жапонияның, Гуам аралының аумағындағы барлық нысандар еніп отыр. Қазіргі уақытта аталмыш зымырандар іске қосылуға дайын екендігінен немесе бұл, күштерді көрсету мақсатында ғана жасалып отырған қадамдар екендігінен ақпараттар жоқ. 

КХДР әскери командованиесі бірнеше сағат бұрын мемлекеттік телеарна арқылы ядролық қаруды қолдана отырып, АҚШ-қа қарсы әскери операция жоспарының бекітілуі туралы мәлімдеді.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!