Обама ақшадан бас тартуда

Фотография - Обама ақшадан бас тартуда

АҚШ президенті Барак Обама өз айлық-жалақысын қысқартып отыр

197 0

АҚШ президенті Барак Обама өз айлық-жалақысын қысқартып отыр. Мақсат - бюджет шығынын азайту. Енді ай сайын ол ел қазынасына айлығының 5 пайызын немесе 1,66 мың долларды қайтарып отыруы тиіс.

Ақ үй әкімшілігі түсіндіргендей, Барак Обаманың бұл қадамы АҚШ-та басталып кеткен шығындарды автоматты түрде қысқарту науқанына байланысты болып отыр. Айта кетейік, билік пен оппозиция 1 наурызға дейін биылғы жылдың қаржылық бюджетін бекітуде ортақ шешімге келе алмай, салдарынан елде мемлекеттік шығындарды 85 млрд. долларға қысқарту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда АҚШ президентінің заңды айлық-жалақысы жылына 400 мың доллар. Обама болса енді ай сайын табысының 5 пайызын Қаржы министрлігінің есебіне аударып отырады. Өйткені, заң аясында президенттің айлығын қысқарту әзірге мүмкін емес.

Сарапшылар болса американдықтар мұндай қаржылық қиын жағдайда осы жылдың соңына дейін өмір сүреді дегенді айтып отыр. Сондықтан Барак Обама өзге мемлекеттік қызметкерлер секілді қазынаның қаржысын үнемдеуге мәжбүр. 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!