Шегірткенің кесірінен Мадагаскар халқының 80%-ы аштыққа ұшырауы мүмкін

Фотография - Шегірткенің кесірінен Мадагаскар халқының 80%-ы аштыққа ұшырауы мүмкін

Мадагаскар халқы жәндіктен келетін қауіпке алаңдаулы

336 0

 Мадагаскар халқы жәндіктен келетін қауіпке алаңдаулы.

Шегірткелер егіс алқаптары мен өрістерді отап, тұрғындардың ахуалын қиындатты. Сарапшылар халықтың 80%-ы аштыққа ұшырауы мүмкін екендігін айтуда. Әсіресе, елдің батысындағы ахуал қиын. Жергілікті тұрғындар жәндіктермен қолда бар құралдармен күресіп жатыр. Алайда бұдан еш пайда жоқ. БҰҰ бұл жағдайды шешу үшін кем дегенде 40 миллионнан астам АҚШ доллары керектігін айтты. Алайда Мадагаскарда мұндай мүмкіншілік жоқ. Жалпы елде шегірткенің қаптауы жиі болады. Дегенмен биылғы жарты ғасырдан бері болмаған көрсеткішке жетті. Оған қоса, қазір маусымды жаңбыр да шегірткенің жылдам көбеюіне әсер етуде.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!